TrafCon

Қаланы түсінуден бастаймыз.

TrafCon — Қазақстан қалаларының жол желісін нақты әрі тексеруге болатын түрде көрсету жобасы.

Бір карта, ортақ негіз

Жоба жол желісін құру алгоритмінен басталды. Карта сол нәтижені көруге, қателерді табуға және адамның түзетуін келесі жинақта жоғалтпауға мүмкіндік береді.

Ұстанымдарымыз

Қазақша атау бірінші

Интерфейс тілі өзгерсе де, картадағы жер атауы қазақша қалады.

Дәлелді дерек

Әр санның негізі бар. Жетіспейтін деректі ойдан шығармаймыз.

Қарау бәріне ашық

Картаны көру үшін тіркелудің қажеті жоқ. Өзгерісті шебер енгізеді, оның тарихы сақталады.

Хабарласыңыз

Қате байқадыңыз ба, дерек ұсынғыңыз келе ме? Хабарлама қалдырыңыз. Оны жоба әкімшісі оқиды.

Атыңыз, байланыс дерегіңіз және хабарламаңыз әкімшіге көрінеді. Жауап алғыңыз келсе, байланыс дерегін қалдырыңыз.